Президент Жарлығымен 2016 жылғы 28 наурызда тиісті комиссия құрылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы» тұжырымдамасы, Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілді.
Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысының: «Тәуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып серпіліс жасады. Біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі, Жаңғырған Ұлы Дала Елі! Бұл біздің асқақ аңсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз!» деген сөзіне тоқталып өтті. Сондай-ақ, ол Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу бостандық, бірлік, тұрақтылық, жасампаздық, өркендеу сияқты «арқаулы құндылықтарға» негізделетініне ерекше мән берді. Әрбір ай Тәуелсіздіктің жетістіктері мен «Мәңгілік Ел» құндылықтарының біріне арналатын болады.
Отырыс барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі өзара іс-қимыл мен мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестірудің негізгі мәселелері талқыланды.