Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Аршалы ауданының елді мекендерінде тұрғын үйлерді су шәйіп кетуіне жол бермеу үшін су сору және қар шығару жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті атқарушы органдар мен ауданның ТЖБ су тасқынына қарсы барлық қажетті шараларды қабылдауда. Қазіргі таңда 900 текше метрден астам су сорылып, 6 мың текше метрден астам қар күрелді. Жүз метр астам аумақта арналар мен арықтар тазартылды.
Сонымен қатар, Аршалы ауданына ТЖД 3 техника, мотоқайық, 5 жылжымалы мотопомпамен жасақталған 12 адамнан тұратын қосымша құтқарушылар тобы жетті.