Новочеркасский селосында тұратын жеке кәсіпкер Дүйсен Сағадатов «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 15 миллион теңге несие алды.
Бұл қаржыға ол Есіл өзені жағалауындағы бұрынғы «Дельфин» пионер лагерінің орнына «Тұлпар» демалыс кешенін ашты. Мұнда 60 орындық банкет залы, үш шағын үй, волейбол алаңы, теннис корты пайдалануға берілді. Жаз айларында велосипед, қайық пен катамаран жалға беріледі. Бұған қоса, кәсіпкердің Алматы-Екатеринбург тас жолы бойында «Қалқаман» дәмханасы, жанар-жағармай, автокөлік жуатын және техникалық қызмет көрсететін станциялары жұмыс істейді. Алда да жоспарлар көкжиегі кең.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.
Астрахан ауданы.