Су жолдары толық тазаланып, қауіпті тұстар бақылауға алынды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде онлайн режимінде өткен брифингтің кезекті қонағы Аршалы ауданының әкімі Айдар Байманов болды. Ол ауданда көктемгі су тасқынына қарсы атқарылған жұмыстар және бүгінгі күнгі ахуалдың жай-жапсарын айтып берді.

Аудан аймағында 9 гидротехникалық құрылыс бар. Олар Астана су қоймасы, Жібек жолы ауылындағы Есіл өзені бойындағы Безымянная бөгеті, Ақбұлақ ауылдық округіндегі Батпақ көліндегі, Берсуат су қоймасының, сондай-ақ, Кенетай, Сусановка, Красное, Анаркөл көлдеріндегі бөгеттер, №42 разъезіндегі үймелер.

Биыл Жібек жолы ауылының №8 шағын ауданындағы 2,4 шақырым жердегі үймені әкімшілік тапсырысымен «Мурзалиев» жеке кәсіпкерлігі нығайтты. Ол жерге 10 мың текше метр топырақ тасылып, осы №4  шағын ауданның 0,3 шақырымын «Нұр» жеке кәсіпкерлігі жөндеп, бекітті. Донецкое ауылы жанындағы өзен саласының 2000 метрін «Аршалы су -2030» мекемесі тазалады. Ольгинка ауылы маңайында Мойылды өзенінің арнасы тазаланып,  205 метр жағалау биіктетілді. Түрген ауылында Есіл өзені үстіне орнатылған көпір маңайы нығайтылды.

2021 жылы 10 мың дана құм толтырылған қаптар алынған болатын. Оның 3 мыңы Жібек жолы ауылының №8 шағын ауданынның, 200-і Аршалы кентінің жаңа құрылыс маңайына төселді.

Аудандық әкімшілік 006 бағдарламасы бойынша төтенше жағдайларды ескерту, зардаптарын қалпына келтіру мақсатына 25 миллион теңге қаражат бөлді. Ол қаражаттың 2 миллион 300 мың теңгесіне 5 мотопомпа алу жоспарлануда. Жиналған суды қауіпсіз жерлерге шығару үшін 261,744 мың теңгеге 1500 литр бинзин  алынды.  2022 жылдың 15 наурызы күні 1 миллион 800 мың теңгеге төтенше жағдайда қажет болар азық-түлік алынды. 2020 жылы ауданға қайық, қайық моторы, 2 мотопомпа, 1 палатка алынған болатын.

Әкімшілік 1,5 мың тонна инертті материалға меморандумға қол қойған. Бүгінгі таңда Жібек жолы, Түрген ауылдарына қаптарды толтыру үшін инертті материалдар жеткізілуде. Аудан көлеміндегі барлық су жолдары, арықтар мен каналдар, жол астына төселген құбырлар түгел тазаланды.

Тұрғындарды сақтандыру, төтенше жағдайлар ахуалын түсіндіру мақсатында жұртшылықпен 20 кездесу өткізілді. Өткен жылдар көрсеткен тәжірибе бойынша барлық қауіпті жерлер бақылануда. Аудан әкімі хабарламасында осындай мәлімет-деректер айтылды.

                                             Серік САПАРҰЛЫ,

                                             «Арқа ажарының» өз тілшісі.

 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар