Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жайылым мен шабындық жерлердің мәселесі толғандырады - АРҚА АЖАРЫ

Жайылым мен шабындық жерлердің мәселесі толғандырады

«Аманат» партиясының Ақмола облыстық филиалында тұрғындарға жайылымдық және шабындық жерлерді бөлу және оларды пайдалану жолдары туралы мағлұмат беруге арналған тақырыптық қабылдау болып өтті.

Шара барысында облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жерді есепке алу және жерге орналастыру бөлімінің басшысы Жұмажан Бейсембаева, осы бөлімнің маманы Гүлім Қажкенова конкурсқа қатысу мәселесі бойынша баяндамалар жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

–Жерді дұрыс пайланудың маңызы зор. Мақсат тек жоғары өнім алу ғана емес, жердің құнарлылығын да сақтап, келер ұрпаққа жерді сапалы күйінде қалдыру болып табылады. Ал, аграрлық өңір саналатын біздің облыста бұл мәселе өте өзекті, – деген Жұмажан Бейсембаева одан әрі мемлекет меншігіндегі жерлерден жайылымдық және шабындық жерлерді қалай алу керектігіне тоқталды. Шаруа қожалықтары, фермерлік шаруашылықтар, ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін жер телімін алу конкурс негізінде жүзеге асырылады. Ол Жер кодексінің 43-1 бабы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығы бойынша ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге уақытша құқық беру туралы Ереже бойынша жүзеге асырылады.

Одан әрі шарада конкурсқа қатысу үшін жинақталатын құжаттар, бизнес-жоспарлар, ұсыныс берушінің міндеттері, жер комиссиясының атқаратын жұмыстары, конкурстың өту мерзімі сияқты көптеген мәліметтер ортаға салынды.

Істің басы-қасында жүрген «Арыстан» шаруа қожалығының жетекшісі Қанат Теміров жайылымдық жерлерді мемлекетке, мәселен, ауданның ауыл шаруашылығы бөлімдеріне беріп қойса, олар жергілікті жердегі қажеттілікке қарай жер бөліп отырса деген, «ПЗ Балкашинский» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Шәріп Доқаев субсидия дер кезінде, өз уақытында берілсе, кешіктірудің бүгінгідей залалдары болмас еді, деген пікірлерін ортаға салды.

Шараға қатысушылар жайылым мен шабындық жерлер алу туралы мамандарға көптеген сұрақтар қойып, толымды жауаптар алды.

                                                       «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар