Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді. - АРҚА АЖАРЫ

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі енгізілді.

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді.
«Қазіргі уақытта Ақмола облысының Атбасар ауданында, Петропавл қаласында және Солтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында төтенше жағдайлар режимі енгізілген. Ахуал біртіндеп тұрақталып келеді. Елді мекендерден су қайтуда. Өзендердегі су деңгейі де біршама төмендеп қалды», – деді ол өз сөзінде.
Дегенмен, оның айтуынша, Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарындағы өзендердің тасу қаупі барынша жоғары болып отыр. Ол сондай-ақ, ауа райы мәліметтерін ескере отырып, Ішкі істер министрлігінің Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы құтқарушылар топтары жедел құтқару бөлімшелері, өрт сөндіру қызметі және апаттық құтқару жұмыстары есебінен күшейтілгенін айтып өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар