Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды - АРҚА АЖАРЫ

Тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды

Өткен сәрсенбі күні Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Мұрат Балпанның төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы болып өтті.

Депутаттар облыстық мәслихаттың қызметіне қатысты бірқатар өзгерістерді қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша тұрақты негізде жұмыс істейтін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары төрағалары сайланды. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға сәйкес олар депутат болуы тиіс, олардың саны екеуден аспауы тиіс, бұл ретте, олар бір саяси партияның мүшелері бола алмайды.

«Заңның осы нормасын іске асыру облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының одан да тиімді жұмыс істеуіне оң серпін беріп қана қоймай, жергілікті жерлердегі комиссиялардың түрлі мәселелерін жедел шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деп атап өтілді сессияда.

Депутаттар экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы лауазымына «Аманат» саяси партиясының мүшесі Ғалым Бекмағамбетовтың кандидатурасын ұсынды және бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ, депутаттар «Ауыл» саяси партиясынан Мұрат Шәмшінұровтың кандидатурасын қолдап дауыс берді, ол заңдылық және өңірдің нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі екінші комиссияны басқаратын болады.

Облыстық мәслихат хатшысы Мұрат Балпан тұрақты комиссиялар төрағалары болып сайланған әріптестерін құттықтап, оларға жемісті жұмыс тіледі. Бұдан басқа, сессияда депутаттар «Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығында болуы мүмкін ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» НҚА жобалары бойынша Ақмола облысының барлық деңгейдегі әкімдерінің халықпен кездесулер күнтізбесін келісу туралы шешім қабылдады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар