Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дайындық тыңғылықты, көңіл тек жаумай тұрған жаңбырға алаң - АРҚА АЖАРЫ

Дайындық тыңғылықты, көңіл тек жаумай тұрған жаңбырға алаң

Біздің облысымыз аграрлық-өнеркәсіптік өңір болып саналғандықтан, егіншіліксаласына баса назар аударылатыны белгілі. Сондықтан, ала күзден жермен жұмыс басталып, ол қысты күндері жалғасып, диқандар бір тыным таппайды. Өйткені, сол еңбектің барлығы егіннің бітік өсуіне себеп болады.

Бүгінде сол қарбалас басталып кетті. Алда, дән сіңіру, егін егу шаруалары.Биылғы жылы облыста жазғы егіс көлемі шамамен 5,1 миллион гектарды құрайтын болады. Оның ішінде дәнді дақылдар 4,6 миллион гектар алқапқа себіледі деп күтіліп отыр. Айта кетер болсақ, бұл өткен жылмен салыстырғанда егістік көлемінің 57,2 мың гектарға ұлғайғанын көрсетеді.Майлы дақылдар көлемі 282,8 мың гектарды құрап, 18,5 мың гектарға ұлғайып отыр. Сондай-ақ, 17,4 мың гектар жерге картоп, 2,7 мың гектардан астам жерге көкөніс отырғызу жоспарлануда. Яғни, картоп егілетін жер 2,2 мың гектарға, ал, көкөніс 0,4 гектарға ұлғайтылмақшы. Мал азығыдақылдарының алқабы 184,6 мың гектарға жеткізіледі. Бұл 2021 жылғы деңгейден 9,1 мың гектарға артық.2022 жылғы егістік алқабына 530 мың тонна тұқым дайындалып, оған деген қажеттілік 100 пайыз орындалды. Толық тексеруге450,3 мың тонна тұқым берілген. Бұл барлық тұқымның 85,1 пайызы. Одантексерілгені 341,3 мың тонна, немесе, 75,8 пайыз.Бірінші және екінші санаттағы тұқым 318,4 мың тонна немесе 93,3 пайыз.

Осы жылдың басынан бері шамамен 9 миллиард теңгенің 229 ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Оныңішінде 65 трактор, 48 комбайн, 22 астықсепкішжәне 94 басқа да түрлі техника бар.Облысқа Үкімет тарапынан арзандатылған бағамен 72 мың тонна кепілді дизель отыны бөлінді. Бұлқажеттіқордың 95 пайызы. Қазіргіуақытта дизель отынынатөлемжүргізужәнеотынныңөзінаудандықтерминалдарғажеткізуқарастырылуда. Демек, бұл дизель отынынан да қиындықболмайдыдегенсөз. Дизельжанар-жағармайыныңөткізілетінбағасы қазірбіртоннасына 212 мыңтеңгеніқұраса, диқандарүшінсоңғыбаға 1 литріне – 208 теңге. Павлодар мұнайөңдеузауытынан 32 мың тонна және Шымкент мұнайөңдеузауытынан 40 мың тонна дизель отынынжеткізужоспарланған. Жанар-жағармайменқамтамасызетушараларыжоспарлытүрде, ешкешеуілдеусіз, рет-ретіменорындалуда.Биылғы егіс жұмыстарына 14,7 мың трактор, 16,4 мың тұқым сепкіш, 1,4 мыңнан астам жоғары өнімді егу кешендері қатыстырылғалы отыр. Техника дайындығы 100 пайыз.

Міне, биылғы көктемгі дала жұмыстарынаоблыс шаруашылықтары осындай дайындықпен келіп, кірісті. Енді басшылар мен мамандарға және диқандарымызға барды үйлестіріп, әр күнді тиімді пайдаланып, ыждағаттылық таныту қалды. Олай болса, іске сәт!

                                                     Серік САПАРҰЛЫ,

                                           «Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар