Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Стамбул қаласына келді. Мемлекет басшысы сапар барысында Ислам ынтымақтастығы ұйымының ХІІІ саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, Түркия Президенті Р.Ердоғанмен, түрік холдингтері мен компанияларының басшыларымен, сондай-ақ, саммит аясында делегация жетекшілерімен кездесу өткізу жоспарланған.