Оқиға 17 сәуірінде сағат 23.00 шамасында Целиноград ауданының Оразақ ауылында орын алған. Елді мекенде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша рейдтке шыққан учаскелік полиция қызметкері «ВАЗ 2115» автокөлігін байқап қалған. Жүргізушінің мінез-құлқы учаскелік инспекторға күдікті болып көрінген. Патрульдік көлікті көре салысымен ол жолдан шығуға тырысып, жылдамдығын күрт төмендеткен.
Көлік құралын тоқтатып, құжаттарын тексеру кезінде ер адамның көлік жүргізу куәлігі болған жоқ. Ведомстволық мәліметтер базасы бойынша тексеру кезінде ер адамның Нұр-Сұлтан қаласының 32 жастағы тұрғыны екені және 2021 жылғы желтоқсанда мас күйде рульге отырғаны үшін 84 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Сонымен бірге, медициналық сараптама ер адамның есірткіге масайған күйде болғанын көрсеті.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі «көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған адамның жүргізуі» бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталды. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.