Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Балаларды мектепке тасымалдауда заң бұзушылықтарға жол берілген - АРҚА АЖАРЫ

Балаларды мектепке тасымалдауда заң бұзушылықтарға жол берілген

Облыс прокуратурасымен балаларды мектепке автокөлікпен тасымалдау кезінде, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ жүргізушілердің мектеп автобустарын, сондай-ақ жүргізуші куәлігінің тиісті санаты жоқ екіндігін растайтын фактілері анықталған.

Бұдан басқа, көлік құралдарының жүргізушілерін міндетті рейс алдында және рейстен кейін медициналық тексеруден өткізу, мектеп автобустарын өрт сөндіргіштермен және алғашқы көмек қобдишаларымен жарақтандыру, сондай-ақ тану белгілерімен жабдықтау бойынша тиісті шаралар қолданбау анықталған.

Баяндалған мән-жайлар балалардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіреді.

Осыған байланысты, талдау нәтижелері бойынша облыс прокуратура органдарымен заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынулар енгізілген.

Прокурорлардың актілері бойынша облыс мектептері мен аудандық білім бөлімдерінің 53 лауазымды тұлғалары тәртіптік жазаға, сондай-ақ мектеп автобустарының 10 жүргізушісі әкімшілік жазаға тартылды.

Көрсетілген салада анықталған заң бұзушылықтар жойылды, мектеп автобустарының жүргізушілеріне және көлік құралдарына қойылатын талаптар сәйкестікке келтірілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар