Ақмола облысының мәдениет саласында жемқорлық жасағандар жазаланды

Ақмола облысының прокуратурасымен Ақмола облысының мәдениет басқармасы бөлімшелерінің басшылығымен бюджет қаражатын жымқырумен байланысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталды.

2018-2021 жылдары «Қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі» КММ директоры, оның орынбасары, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы» КММ директоры, Орталық қалалық балалар-жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі бюджет қаражатын жымқырған.

Қылмыстық іс-әрекетке мекемелердің ондаған қызметкерлері, мекеме басшыларының туыстары тартылған, олар жұмысқа жалған орналастырылып, ай сайын жұмыс істемей жалақы алған, іссапарларға жіберілген, сыйақы алған.

Жалақы мен басқа да төлемдер, іссапарлар мен сыйақы жалған өтініштер, бұйрықтар негізінде басшылықтың және басқа да қызметкерлердің карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырылған.

2021 жылдың 16 шілдесінде сот үкімімен «жоқ адамдарды» жұмысқа орналастыру арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін «Қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі» КММ директоры мен оның орынбасары сотталып, жұмыстан босатылды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Ақмола облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар