Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елтаңба мен Туды қастерле, Әнұранды шырқа! - АРҚА АЖАРЫ

Елтаңба мен Туды қастерле, Әнұранды шырқа!

 

Ақмола Медиа орталығында өткізілген арнайы семинарда жиналғандарға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жайында толық  мағлұмат беріліп, келер жылдың  шілде айына дейін барлық мемлекеттік мекемелердегі Елтаңбалар жаңа стандартқа сай етіп ауыстырылуы қажеттігі айтылды.

 

Мекемелер мен ұйымдардың жетекшілері шақырылған жиынды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Айна Мысырәлімова ашып, жүргізіп отырды. Облыстық прокуратураның аға прокуроры Арғын Айтқожин баяндама жасап, еліміздің «Мемлекеттік рәміздері туралы» Заң ережелерін бұзғандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды. Мемлекеттік мекемелерде Елтаңба мен Туды орналастырмай, Әнұранды орындамаған лауазымды тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Жуырда ғана мұндай жағдай облысымыздың Жақсы ауданында тіркелген. Жергілікті прокуратураның тексерістері нәтижесінде бір мемлекеттік қызметші мен мектеп директоры әкімшілік жазаға тартылған. Ал, елдік нышандарды мазақ еткендерге тағылатын айыппұл мөлшері 200 мың айлық есептік көрсеткішті құрайды немесе заңды бұзған адам екі жылға дейін абақтыға қамалады.
Ақмола облысы бойынша техникалық реттеу және метрология департаментінің бөлім басшысы Айгүл Ақтаева 2017-ші жылдан бастап Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жаңа үлгісі енгізілетінін хабарлап, 3D форматындағы жаңа рәміздің кескін-келбетін слайд арқылы түсіндіріп өтсе, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Оксана Салахова аталған заңға енгізілген өзгертулерге тоқталды. Бұрындары мемлекеттік рәміздерді орналастыру тек мемлекеттік мекемелерге ғана міндеттелсе, жаңа ережеге сай олар акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік ғимараттарында да болуы керек.  
Қатысушыларға облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен басып шығарылған мемлекеттік рәміздерді қолдану туралы ақпараттық-насихат кітапшалары таратылып, келер жылға дейін Мемлекеттік рәміздерді, әсіресе Елтаңбаны жаңа стандартқа ауыстыруға қатысты жұмыстарды ширата түсу туралы ұсыныстар айтылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар