Қазақстан Республи- касы Ішкі істер министрі-нің 2016 жылғы 25 наурыз- дағы бұйрығымен азамат- тық қорғаныс подполков-нигі Алексей Советов Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Жақында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы, полковник Владимир Беккер облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің жеке құрамына және ведомствоаралық бөлімшелеріне жаңа басшыны таныстырды.
Алексей Сергеевич Советов  1977 жылдың 19 шілдесінде Көкшетау қаласында туған. Білімі жоғары.
1999 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін бітірген.  Еңбек жолын Ақмола облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасында ақпарат, байланыс және хабарландыру бөлімінің аға офицері қызметінен бастап, кейін осы бөлімге жетекшілік еткен.
2008 жылы Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің  азаматтық қорғаныс академиясын бітірді.
2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды жою департаментінде лауазымды қызметтер атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Төтенше жағдайлар комитетінің төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы болды. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен  марапатталған.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар