Францияда өткен президент сайлауының екінші турында елдің қазіргі президенті Эммануэль Макрон жеңіске жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Саяси доданың қорытындысы бойынша ол сайлаушылардың 58,55 процент дауысына ие болды.
Осылайша Макрон – президенттік лауазымда екінші мерзімге сайланған Францияның үшінші президенті. Ал сайлауда Макронның басты қарсыласы әсіре ұлтшыл «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Марин Лё Пен 41,45 процент дауыс жинаған. Ле Пен жеңілгенін мойындап, саяси күресін парламент сайлауында жалғастыратынын мәлім етті. Айта кетейік, Францияда мемлекет басшысы жалпыға бірдей тікелей дауыс беру арқылы сайланады. Елде 49 миллионға жуық азаматтың дауыс беру құқығы бар. Осы жолы оның 63 проценті ғана сайлауға қатысқан.
Эммануэль Макрон, Франция президенті: —
Сіздер гуманистік жоба, еліміздің тәуелсіздігіне бағытталған биік мұрат, Еуропаның игілігі үшін дауыс бердіңіздер. Республикалық құндылықтар, әлеуметтік-экологиялық оңды жобына таңдадыңыздар. Бұл іс жанкеншті адал еңбек пен жасампаздыққа негізделген. Біз мәдени және кәсіпкерлік жағынан күшейе түсеміз. Республика жасасын! Франция жасасын!
Дереккөз: 24.kz