Баспасөз хабарламасы !

Қазақстан Халқының Бірлігі күні қарсаңында және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында – ағымдағы жылдың 30 сәуірде сағат 8.00-ден бастап Көкшетау қаласында «ТӘУЕЛСІЗДІК» алаңында келесі аудандардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда: Аршалы, Жарқайың, Жақсы, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Қорғалжын, Целиноград, Көкшетау қаласы және “Көкѕһе”ӘКК ҰК” АҚ.

Аталған жәрмеңкеде өңірдің 80-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 55,0 млн.теңге сомасына 59,0 тоннадан астам өнім ұсынады. Қала және қала маңындағы тұрғындары жергілікті өндірушілердің 40-тан астам азық-түлік түрлерін сатып ала алады. Бағалар нарықтық бағадан 10 -15% – ға төмен.

Облыс аграршылары 29,0 тонна ет және шұжық өнімдерін, 2,0 тонна балғын балық, 150,0 мың дана жұмыртқа, 5,5 тонна сүт және сүт өнімдерін, 1,0 тоннадан астам ұн, 7,0 тонна картоп және басқа да өнімдер әкеледі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар