Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аналар кеңесінде – жаңа басшы - АРҚА АЖАРЫ

Аналар кеңесінде – жаңа басшы

«Қоғамдық келісім» мекемесінде Аналар кеңесінің отырысы  болып, онда жиналған қауымға «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы таныстырылды.

Аналар кеңесінің өткен жылы атқарған қызметі туралы баяндама жасаған кеңес төрайымы Күләш Рахымжанова отбасы институтын нығайту, жас қыздарды ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жан-жақты айтып берді. Кеңес жұмысы талқыланып болған соң, Достық үйінің бөлім басшысы Айгүл Жанбатырова Күләш Сәбікенқызына қоғамдық жұмысы үшін алғыс айтып, мекеме басшысының атынан алғыс хат табыстады, сый-құрметпен тиісті зейнет демалысына шығарып салды. Осыған байланысты кеңес мүшелері, Көкшетау қаласындағы №17 орта мектебінің оқытушысы Айнагүл Жазиеваны аналар кеңесінің төрайымы, А.Мұхамедрахимованы оның орынбасары етіп сайлады. Қалыптасқан дәстүр бойынша Күләш Сәбікенқызы жаңа төрайымның иығына бейбітшілік пен ана махаббатының символына айналған «ақ орамал» жауып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Биыл аналар кеңесі «Ертегілер  арқылы Қазақстан халқының тарихы мен мәдениетіне» жобасын жүзеге асыруда. Бұл – ютуб-арнадағы облыстың этно-мәдени бірлестіктері дайындаған балаларға арналған авторлық ертегілердің ана тіліндегі көрсетілімі. Бұл орайда:

– Қазіргі таңда ютуб-арнада орыс, қазақ және поляк тілдерінде үш ертегі шықты, – деп хабарлады мекеменің бас маманы Г.Қараханова.

Кеңес отырысында аналар кеңесінің жаңа төрайымы А.Жазиева жиналғандарды отбасы институтының маңыздылығын және әйел ананың жастарға рухани адамгершілік тәрбие берудегі рөлін арттыруға бағытталған «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасымен  таныстырды.

Ырысалды ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар