Облыс орталығындағы «Достар» мәдениет сарайында ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Жас Өнер: балалар мен жастардың әсемдік және хореография фестивалі – 2016» республикалық байқауы болып өтті.
Балалардың рухани дүниесін байытып, ұлттық мәдениетке баулуға бағытталған шараға 15 топ қатысты. Қатысушылар байқаудың шарттары бойынша жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлініп, өзара би сайысына түсті. Балалар талшыбықтай бұралған билерімен, көрермендерді өнерімен тәнті етті.
Байқаудың қатысушыларының өнерін сарапқа салған қазылар алқасы бас жүлдеге Астана қаласынан келген «Тұмар» ансамблі лайық деп тапты.
Сайыс жүлдегерлері арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.