Облыстық ішкі саясат басқармасының мәліметінше, Ақмола облысында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар эстафетасы жалғасын табуда. Көкшетау қаласының орталық алаңында тұрғындар назарына үздік шығармашылық ұжымдардың қатысуымен «Жаса, гүлденген Қазақстан» мерекелік бағдарламасы ұсынылды және «Шеберлер қаласы» сәндік-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Шараға жиналғандарды құттықтаған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев өз сөзінде елдің дамуына халықтың бірлігі, достығы мен келісімі арқасында қол жеткізілгенін атап өтті.
«1-ші Мамыр мерекесі – бұл барлық қазақстандықтар үшін тамаша және айтулы мереке. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде елімізде достық пен ынтымақтастық, өзара құрмет пен сенімділік құндылықтары қалыптасты. Біз бұл мерекені жаңа саяси реформаларды жүзеге асыру жағдайында атап өтіп отырмыз. Сіздер мен біздің міндеттеріміздің бірі-ол осы құндылықтарды сақтау, арттыру және келер ұрпаққа жеткізу. Сонда ғана біз жаңа Қазақстанды құра аламыз», — деп атап облыс әкімі құттықтау сөзінде.\
Мерекелік іс-шара барысында еліміздің дамуына үлес қосқан бірқатар ақмолалық Алғыс хатпен марапатталды. Олардың арасында өңірде қазақ тілінің дамуына атсалысып жүрген өзге ұлт өкілдері де бар. Соның бірі –Сәкен Жүнісова атындағы Көкшетау қалалық №18 мектеп-лицейінің қазақ тілі мұғалімі Карина Роот өзінің қуанышымен білісті.
«Бірінші мамыр-біздің жерімізде ежелден келе жатқан өзара құрмет пен сенімнің құндылықтарын бейнелейтін ең мейірімді және жарқын мерекелердің бірі. Мен үшін бұл мереке жүрегімде ерекше орын алады», — деді Карина Роот.
Мерекелік шара облыстың барлық қаласы мен аудан орталықтарында ұйымдастырылды.
Айталық, осы күні облыс аумағында барлығы 100-ге жуық этнос өкілдері бейбіт өмір кешуде.