Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында суда жүзуден Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды.
Жарысқа 100-ден астам спортшы қатысты. Оның ішінде жерлесеміз «Бурабай» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің тәрбиеленушісі Әдият Ермеков 100 метр қашықтықта брасс әдісі бойынша қола медальға ие болды.
Бапкері Джанна Зайцеваның айтуынша, Әдият 1.08.65 нәтижесімен мәреге жетті.