Жеделхат жолдады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Эквадор Республикасының Президенті Рафаэль Корреаға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта Қазақстан Президентінің Эквадорда жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.
Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Корреа мен бүкіл Эквадор халқына көңіл айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар