Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Шымкент қаласында ELITE, U23, U19, U17, U15 санатындағы спортшылар арасында Супер-спринт қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аяқталды.
U15 санатында жерлестеріміз Әнел Исабаева мен Сергей Петров чемпион атанды. Джулиана Петрова күміс, Виолетта Решетняк пен Совет Алмас қола медальді иеленді.
U17 санатында алтын медаль Никита Дубинский еншіледі.
Сонымен бірге Ангелина Редченко мен Эрик Расулов екінші, Станислав Глок ұздік үштікті тұйықтады.
U19 «қола» санатында Анастасия Захарова мен Жанабай Арлан марапатталды.