Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Түркияда жасөспірімдер арасында күрестен «Victory cup» халықаралық турнирі аяқталды. Жарысқа 13 елдің өкілдері қатысты.
Әйелдер күресі бойынша Степногорск қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Ақерке Әміршеева қола жүлдегер атанды.
Жаттықтырушы Арыстан Болатовтың айтуынша, Ақерке 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 69 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.