Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен жиынға Премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Мұрат Нұртілеу, Үкімет мүшелері және «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басшылығы қатысты.
Мемлекет басшысы жиын соңында бірқатар нақты тапсырма берді. Атап айтқанда, Қазақстан заңнамасына сәйкес және геоэкономикалық жағдайларды ескере отырып, Үкімет басшылығына екіжақты ынтымақтастықтың шешілмеген мәселелерін реттеу міндеті жүктелді.
Дереккөз: www.akorda.kz