Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Республикалық референдумды қолдау штабы Ақмола облысының жұртшылығымен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Республикалық референдумды қолдау штабы Ақмола облысының жұртшылығымен кездесті

Ақмола облысында референдум өткізу бастамасының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған халықпен кездесулер жалғасуда, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Жақында облыс орталығында референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штаб өкілдері еліміздің Негізгі заңына енгізілетін түзетулер мен толықтырулардың негізгі тұстарын түсіндірді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Ернар Баспаевтың төрағалығымен өтті.

“Мемлекет басшысының нақты айтуына қарағанда, Қазақстан тарихындағы жаңа тарауды Конституцияға түзетулер ашады. Қоғам мен елдің өміріне жан – жақты әсер ететін елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған”, – деп атап өтті спикер.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық штабқа өңірдің қоғам қайраткерлері – Өңірлік Азаматтық Альянстың төрағасы Ирина Терентьева, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ерлан Закирьянов, Ақмола облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Қали Рахметов кірді.

Облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Ерлан Закирьяновтың айтуынша, Ақмола облысының Азаматтық қоғам өкілдері референдумды қоғамдық қолдаудың өңірлік штабын құруға бастамашы болған. Бүгін штаб мүшелері еңбек ұжымдарымен конституциялық түзетулерді түсіндіру бойынша кездесулер өткізеді.

“Біз көп жылдар бойы халықтың санасын өзгерту және елдегі барлық процестерді демократияландыру туралы айтып келеміз, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум бұған кең ауқымды халықтық акция ретінде ықпал етеді. Бұл үлкен қадам-біздің ортақ құндылықтарымызды қалыптастыру және оларды біздің әлеуметтік жетілуіміз бен азаматтық кемелденуімізге тексеру тетіктерінің бірі”, – деп атап өтті Республикалық штаб мүшесі, Ақмола облысының Азаматтық Альянсының төрағасы Ирина Терентьева.

Кездесуге қатысушылар ұсынылып отырған жаңа енгізілімдерге талдау жасады, конституциялық реформаның маңыздылығын, оның ішінде азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын кеңейту, құқық қорғау саласын нығайту мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, жалпыхалықтық референдум ел тарихында алғаш рет 1995 жылы өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар