– Қырғызстан асуларында қар жауып жатыр. Салдарынан жолдарды қар басып, көлік қозғалысы қиындады. Бұл туралы елдің Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметі ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.
«Бішкек-Ош-Тоо-Ашуу, Ала-Бел, Көк-Бел, сондай-ақ Отмок автожолдарының биік асудан өтетін тұстарында, Талас-Тараз-Суусамыр және басқа да тасжолдарда қар жауып жатыр, тиісінше қар үйіндісі пайда болды», — делінген хабарламада. Көлік министрлігінің жол пайдалану мекемесі қызметкерлері жолдардың жоғарыда аталған учаскелеріне тайып кетуден қорғайтын инертті материалдарды сеуіп жатыр.
«Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, жасанды кептеліс тудырмас үшін жүргізушілерге қысқы дөңгелегі бар көліктермен асуларға шықпауға кеңес береміз. Сондай-ақ, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында автожолдардағы тиісті жылдамдық режимін сақтау қажет», — деп атап өтті ведомство.