Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Халықтың іздейтіні – адалдық - АРҚА АЖАРЫ

Халықтың іздейтіні – адалдық

Мемлекет басшысы 2022 жылы 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 31сессиясында жалпыхалықтық референдум өткізуді ұсынды. Мемлекеттік маңызы бар мәселелерге қатысты тікелей халықтың пікірі ескерілетінін, елімізде болатын саяси өзгерістер азаматтардың қатысуымен жүзеге асатынын да атап өтті.

Атап айтқанда, 33 бапқа 56 толықтыру енгізу жоспарланып отыр.

Соған байланысты, Ақмола облыстық өлкетану музейінде Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айнагүл Балташеваныңжәне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиұлының қатысуымен референдум бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді.

–Біз енді Қазақстанның жаңа дәуірін, таза дәуірін бастаймыз! Ендігі  қоғамда халықтың сөзі еленеді, халықтың қалауы ескеріледі. Біздің ендігі дәуірімізде Президент отбасы мемлекеттік лауазымнан аулақ болады. Қазіргі заманда, халықтың ең бірінші іздейтіні – адалдық. Сол себепті алдағы өткелі отырған республикалық референдумға дауыс беруге шақырамын, – деді Жабал Ерғалиұлы.

Абылайхан ӘШІМХАН

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар