Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Бюджетті нақтылауда әлеуметтік мәселелерге басымдылық берілуде - АРҚА АЖАРЫ

Бюджетті нақтылауда әлеуметтік мәселелерге басымдылық берілуде

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың өңірлер  бойынша кезекті жұмыс сапары Есіл және Жарқайың аудандарында жалғасты. Аймақ басшысы Есіл ауданының егіс алқаптарын аралап, көршілес Жарқайың, Жақсы аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де қатысқан кеңес өткізді.

Есіл.Кездесу барысында ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілері 2022 жылғы егіс науқанының алғашқы қорытындылары туралы ой-пікірлерін ортаға салып,басқа да өзекті мәселелер бойынша ахуалды баяндады.

Ауыл шаруашылығы кеңесіне қатысушылар алдымен облыс бойынша жалпы егіс жұмыстарының барысы, дизельдік отынның қоры мен  жаңа техникалардың алынуы, тұқыммен және тыңайтқыштармен қамтамасыз етілуі, субсидиялар туралы облыс әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары Ғалымжан Әбдіхалықовтың хабарламасын тыңдады. Оған қоса, көптен күткен нөсер жаңбыр да жиналғандардың барлығының көңіл-күйін бір көтеріп тастады.

– Есіл тұрғындарын толғандыратын мәселелердің бірі –инфрақұрылымның жай-күйі, – деген облыс әкімі аграрлық аймақ тұрғындарымен кездесуінде қол жеткен көрсеткіштерге тоқталды. Сондай-ақ, облыс басшысы аудан жұртшылығын, атқарылған жұмыстарды қабылдау шараларына белсене атсалысуға шақырды. Сонымен қатар, кейін сыбайлас жемқорлық туралы сөз болмас үшін барлық ведомстволық веб-сайттарда халыққа қай мердігер қай конкурсты жеңіп алғаны туралы нақты ақпарат болуы керектіг3н баса айтты.

Азаматтарды жеке қабылдау барысында Красногорск кентінің бірнеше зейнеткерлері мен тұрғындары облыс әкіміне Есіл қаласынан екінші деңгейлі тұрғын үй беру, Калачи ауылының маңында тұруларына байланысты өтемақы төлеу жөнінде  және осыған дейін белгілі болған, алайда, ғылымда толық зерттелмеген «ұйқы ауруынан» зардап шегушілер туралы өтініш білдірді. Красногорск3л3ктерд34 өздері аймақ басшысына денсаулықтарына байланысты осы күрделі мәселелер туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.

Ермек Маржықпаев мәселені қолданыстағы заңнамаға сәйкес қарастырып, мұқтаж жандарға Есіл қаласынан екінші деңгейлі баспана беруді тапсырды. Красногорск кентінің тұрғыны, көп балалы ана Есіл өзені жағалауының белдеуінің бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру мәселесімен өтініш білдірген. Онымен облыстық табиғи ресурстар басқармасы айналысатын болады.

Жарқайың. – Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі әлі де шешімін таппай отыр, – деді өңір басшысы жарқайыңдықтармен кездесуінде. – Өткен жылы Державинск қаласының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруға Ұлттық қордан 400 миллион теңге бөлінген. Дегенмен, жалпы сомасы 1,5 миллиард теңгені құрайтын бұл жоба 2023 жылға дейін созылатын ұзақ мерзімді жоба. Қазірдің өзінде қажетті материалдарды сатып алу, қысым өткізгіш және тарату желілерін тарту жұмыстары жүргізілді. Биылғы жылы бұл жұмыстарды жалғастыруға 528 миллион теңге бөлінді. Сондай-ақ, Шойындықөл ауылының су құбыры да қайта жаңартылуда.

Биылғы жылы Жарқайыңдағы 38 шақырымдық Тасты-Талды-Чапаево 33,4 шақырымдық Державинск-Тасөткел, 101-140 шақырымдық Жақсы-Державинск жолдары мен жол желілерін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 70 миллион теңгегеДержавинск қаласының және 60 миллион теңгеге«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Отрадное ауылының көше жолдарына жөндеу жүргізілмекші. Державинск қаласында 150 миллион теңгеге жылумен қамтудың инженерлік желілері жөнделеді. Осы қаладағы №1 қазандықта жаңа қазандық пайда болады. Сонымен қатар, Уәлиханов ауылында 20 миллион теңгенің спорт алаңын  және Пригородное ауылындағы мәдениет үйінде құны  27 миллион ​​теңгеніңблокты-модульдік қазандығын салу жоспарланып отыр.

– Көп қаражат бөлуіне қарамастан, сіздер барлық проблемалық жолдарды бірден жақсы жағдайға келтіру мүмкін емес екенін түсінулеріңіз керек. Біз басымдық пен бюджеттік ресурстарды ескере отырып, кезең-кезеңімен жылжып жатырмыз. Оның ішінде сіздің де ауданда, – деп түсіндірді облыс әкімі7

Аймақ басшысы өңірге инвестиция тарту бойынша межелік көрсеткіштің қайта-қайта орындалмауының себебі неде екенін анықтауды жөн көрді. Сол себепті, медициналық кадрлардың тапшылығы мен медициналық қызмет сапасы мәселесін көтерді. Өңірге дәрігерлерді тарту және ұстап қалу, жұмыспен қамтуды арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын анықтап білді. Белгілі болғанындай, ауданға ресми мәлімет бойынша 11 дәрігер жетіспейді екен. Өткен жылы 4 дәрігер келсе, 8 студент бюджет және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері есебінен медициналық жоғары оқу орындарында оқиды.

Облыс әкімі мектептерді жаңарту мәселесіне де жеке тоқталды. Аудан, қала әкімдеріне аталған нысандарды жүйелі түрде аралап, қажет болған жағдайда мердігерлерді тыңдап, іркілістерге жол бермеу және жұмысты сапалы орындауға жұртшылықты белсенді тарту тапсырылды. Өйткені, бұл маңызды істер тек құрылыс және білім саласындағылардың бақылауында қалмауы тиіс.

Аймақ басшысы облыс бюджетінің нақтылануымен негізгі әлеуметтік маңызы бар міндеттерді шешу, сондай-ақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау басым бағыт болып қала беретініне тоқталды.  Халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелер – толық көлемде орындалады. Сондай-ақ, аудан кәсіпкерлері әлеуметтік бастамалар танытуда белсенді болулары керек.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

 Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар