Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыстық филармонияда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біздің күшіміз – бірлікте!» бірінші республикалық казак-орыс әндерінің қайырымдылық фестивалі көпшіліктің көңілінде жылы әсер қалдырды. - АРҚА АЖАРЫ

Облыстық филармонияда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Біздің күшіміз – бірлікте!» бірінші республикалық казак-орыс әндерінің қайырымдылық фестивалі көпшіліктің көңілінде жылы әсер қалдырды.

Үлкен ел – үлкен отбасы

Фестиваль облыс әкімдігі мен «Русский мир» қоры және «Новый собор» қайырымдылық қорының қолдауымен өтті. Орыс, казак және славян ұйымдарының Қазақстандағы үйлестіру кеңесі және  «Ақмола облысындағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында өткізілді. Аталмыш шарадан түскен қаражат Көкшетау қаласында салынып жатқан Воскресения Христово кафедралық шіркеуінің құрылысына аударылады. Фестивальге Көкшетау қаласының және облысымыздың өнерпаздарымен қатар, Астанадан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарынан меймандар қатысты.  
Фестивальдің ашылу салтанатында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әсемгүл Садыр жылы лебізін білдіріп, шіркеу салу сияқты игі шараға әрбір азаматтың үлес қосуы парыз екенін атап өтті. Орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесінің төрағасы Юрий Захаров фестивальге алыс-жақыннан келген меймандарға алғысын айтты. Ал, Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының епископы Серапион ұлтаралық, дінаралық араздық болмауы үшін татулық керектігін айтып, бірлікке шақырды. Осы орайда ел мен елді жақындастыратын діннің рөлі зор. Сондықтан да, халыққа Воскресения Христово кафедралық шіркеуі сияқты ғимарат қажет.
Концерттік бағдарлама соңында фестивальге қатысушы өнер ұжымдарын «Ақмола облысындағы орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко мен орыс, казак және славян ұйымдары үйлестіру кеңесі төрағасының міндетін атқарушы  Сергей Машканцев марапаттады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар