Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жер қадірін білгендер - АРҚА АЖАРЫ

Жер қадірін білгендер

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Зеренді ауданындағы «Мирас жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқаптарына баспасөз саяхаты ұйымдастырылды.

 

Молодежный ауылында орналасқан «Мирас жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бүгінгі таңда аудандағы іргелі шаруашылықтардың бірінен саналады. Егіншілікпен айналысатын серіктестік ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосуда.  Ауыл тұрғындарының дені осы шаруашылықта еңбек етеді.  Ылғал сақтағыш технология мен қазіргі заманғы озық техникаларды тиімді пайдаланудың арқасында жыл сайын
егін бітік шығып, астық түсімі берекелі болуда.
Былтырғы жылы шаруашылық  диқандары әр гектардан 15 центнерден астық жинады. Биыл да сол межеден шығуды көздеген.
Серіктестіктің бас агрономы Жұмабек Исиннің айтуынша,  биылғы жылы барлығы 4319 гектар жерге астық егу жоспарланып отыр. Оның 3200 гектары бидай, қалғаны арпа мен сұлы.
– Қазіргі кезде 500 гектар жерге ылғал жабу жұмысы жүргізілуде. Өткен жылы серіктестіктің ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруі қаржыландыру,  жанар-жағармай мәселесін шешуге септігін тигізуде. «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» және «Азық-түлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы арқылы 7,6 миллион теңге несие алдық, – дейді агроном.
Шаруашылық диқандары дән егу жұмыстарын 10 мамырда бас-тап,  бас-аяғы он күннің ішінде аяқтайтындықтарын нық сеніммен айтуда. Бұған олардың мүмкіндіктері жетеді. Немістің «Кейс» егіс кешендері, «Амазони кондор» және «Флекси Коил» тәрізді қазіргі заманғы егіс кешендері сақадай сай өз сәттерін күтіп отыр.
Осы орайда,  40 жыл еңбек тәжірибесі бар озат механизатор Оразбай Салықовты сөзге тартқан едік. Механизатор өнімділігі жоғары техниканың көмегімен бір ауысымда 100 гектарға дейін дән сіңіру мүмкін екенін айтып, агрономның он күн ішінде науқанды толық аяқтаймыз деген уәдесін қуаттағандай болды.  Жалпы,  баспасөз саяхаты барысында көз жеткізгеніміздей «Мирас жер» серіктестігінің бүгінгі алған қадамы жаман емес, ендеше  көктемгі дала жұмыстарына дайындықтың тиісті деңгейде болуы науқанды ойдағыдай өткізетініне сенім ұялатады.

Аслан НЫҒМЕТЖАНҰЛЫ.

Зеренді ауданы.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар