Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елбасымен мақтанамын - АРҚА АЖАРЫ

Елбасымен мақтанамын

Дана халқымызда «көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейтұғын терең мағыналы қанатты сөз бар. Біз аға буын өкілдері көп жасадық та, көп көрдік те. Өткен өмір соқпақтарынан бай тәжірибе жинадық.

Бүгінде пенде ғұмырдың асқар шыңына табан іліктіріп тұрған шағымызда Елбасымыздың қажыр-қайратқа, ақыл-парасатқа толы, толассыз іс-қимылын көріп, көңіліміз бір марқайса, болашақты болжаған көрегендігі мен кемеңгерлігіне шын жүректен разы болып, ерлікке балар, данышпандыққа санар қасиетіне тағы бір сүйсінесің. Жалпы, жалғыз біз, егеменді елдің адамдары ғана емес, алыс-жақын шетелдер де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында Қазақстанды танып-білгелі қашан. Елбасы өзінің өлшеусіз қажыр-қайратымен гуманизм идеясына дем беріп, бүкіл әлемде бейбітшілік пен келісімнің өркен жаюына ықпал етуде.
Басымыздан қилы-қилы кезеңдерді өткіздік. Күні кешегі Ұлы Отан соғысының отты жылдарын, соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтірудегі қияпат тіршілікті, тың және тыңайған жерлерді игерудегі бейнетті де зейнетті дәуірдің қайнаған ортасында жүріп шыңдалдық. Еңбек ешқашан ұмытылмайды. Ұзақ жылғы Отанымызға сіңірген еңбегім лайықты бағаланып, одақтық дәрежедегі дербес зейнеткер атандым. Тағдырыма разымын. Үлкен ұлым Мұнарбек еңбек жолын құрылыста қарапайым прораб болып бастап, өзінің адал еңбегінің арқасында Қазақстан Республикасының құрметті құрылысшысы атанды. Қызым Гауһар Қазақстан Респуб-ликасы денсаулық сақтау саласының үздігі, ортаншы ұлым Шынарбек Қазақстан Рес-публикасы туризм саласының құрметті қызметкері, кіші ұлым Темірбек полковник шенінде зейнет демалысына шықты. Ол қазір сот саласының қауіпсіздік қызметінің жетекшісі. Отбасымыздағы әрқайсымыздың табысымыз, жеткен жетістігіміз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер көшбасшылығының арқасында қанат жайып, өрісті өркендеп отырған егемен еліміздің айқын да сара жолымен тікелей байланысты.
Тоқсанға толған туған күнімнің тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесімен тұспа-тұс келгендігіне марқайып әрі масайрап отырмын. Таяуда жарияланған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Елбасының кезекті Жолдауын тағы бір мұқият, ой елегінен өткізе оқып отырып, оның шын мәніндегі сарабдал саясаткер, ел қамқоры, жұрт жанашыры екендігін түйсіндік. Жолдау – елдің ертеңгі күнге деген сенімін нығайтады. Ал, ертеңгі күн менің немерелерім мен шөберелерімнің болашағы. Ұрпағымның жақсы заманда өмір сүретіндігіне көзім жеткен сайын көкірегімді қуаныш билейді. Адам баласының бәрі келер ұрпақтың қамы үшін тіршілік етеді емес пе. Міне, сондықтан да Елбасының ерен істеріне разы бола отырып, сіздердің басылымдарыңыз арқылы Нұрсұлтан Әбішұлын ұлық мерекемен шын жүректен құттықтап, ұзақ өмір, жаңа табыстар мен жеңістер тілегім келеді.
Бүркітбай БАТЫРХАНОВ,
соғыс және еңбек ардагері,
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,
Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар