Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Елді болашағы – біздің қолымызда - АРҚА АЖАРЫ

Елді болашағы – біздің қолымызда

Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мамандандырылған гимназия мектебінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі, «Аманат» партиясы жанындағы референдум жөніндегі республикалық штаб мүшесі Жабал Ерғалиев мектеп ұжымымен  референдум алды үгіт-насихат жұмысын өткізді. Кездесуді  мектеп директоры Ардақ  Ахмеджанова кіріспе сөзімен ашты.

– Біз қазір сындарлы кезеңде тұрмыз. Елдің ертеңі бүгінен басталады. Елдің тағдыры таразыда тұрған кезде, жаңа Қазақстанға енейік деп тұрған кезде бәріміз бұл бүкілхалықтық шет қалмау керекпіз. Елдің болашағы – біздің қолымызда. Біз егерде осы өткелі отырған референдумды елемесек, мұндай үлкен мүмкіндік қайтадан тумауы да мүмкін. Біздің ел болып құрғалы отырған жаңа Қазақстан дегеніміз ол – әділеттілік. Жаңа Қазақстан – халық үніне құлақ асатын мемелекет. Әділетті үкімет пен әділетті қоғам құру алдындағы шешуші  сайлаудан қалмауларыңызды сұраймын, – деді Жабал Ерғалиев.

–Сонымен қатар, Жабал Ерғалиев мектеп-гимназиясында ашылған сайлау учаскесімен танысты. Ондағы бекітілген дауыс берушілердің саны 1 мың 43 адамды құрайды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы кабинаға дейін қарастырылған.

Абылайхан ӘШІМХАН.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар