Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Шетелде жүрген отандастарымыздың 45 пайызы референдумда дауыс берді - АРҚА АЖАРЫ

Шетелде жүрген отандастарымыздың 45 пайызы референдумда дауыс берді

– Шетелде жүрген 5 100 отандасымыз референдумда дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта шет елдерде референдум тыныш әрі жұмыс жағдайында өтіп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 19.00-де шетелдерде шамамен 5 100 отандасымыз дауыс беріп үлгерді. Бұл – тізімге енгізілген сайлаушылар санының 45 пайызы. Уақыт айырмашылығын ескерер болсақ, барлық 65 учаске ашылды.

Сонымен қатар Азия бөлігінде орналасқан Қытай, Корея, Жапония сынды елдерде және басқа да учаскелер жұмысын аяқтап, дауыстарды санауға кірісті. Олардың кейбірінде сайлаушылар 100 пайыз келді», – деді Роман Василенко Орталық референдум комиссиясы алаңында өткен брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында және Бразилияда орналасқан референдум учаскелері осыдан 2 сағат бұрын ғана ашылды. Онда дауыс беру 9 сағатқа созылады. «Дауыс беру нәтижелері шығарылғаннан кейін қорытынды құжаттар жедел түрде Сыртқы істер министрлігіне Есіл аудандық сайлау комиссиясына тапсыру үшін жеткізіледі.

Шетелдегі барлық сайлау учаскелері осы ауданға тіркелген. Референдум күнінде шетелде дауыс берушілердің тізіміне 11 350 азаматымыз енгізілген», – деді ол. Айта кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінің 52 шет мемлекеттегі Елшіліктерінің жанынан 65 референдум учаскесі ашылған.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар