Негізгі капиталға салынған инвестициялар
2022 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 143054 миллион теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінен 30,9 пайызға жоғары.
Негізгі капиталға салынған инвестициялардың артуы 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда облыстың тоғыз ауданында және Көкшетау қаласында байқалды. Әсіресе, Бурабай, Бұланды (4,2 есе), Егіндікөл (186,2%) аудандарында және Көкшетау қаласында (2,8 есе) инвестиция мөлшері анағұрлым арта түсті.
Құрылыс
2022 жылғы қаңтар-сәуірде құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 17884,3 миллион теңгеге жетті. Бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуір деңгейімен салыстырғанда 37,5 пайызға жоғары.
Құрылыс жұмыстары көлемінің едәуір өсуі 2021 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда он үш ауданда және Көкшетау қаласында, соның ішінде Шортанды (2,7 есе), Аршалы (2,3 есе), Бурабай, Целиноград (2,0 есе) аудандарында елеулі түрде өскені байқалды.
Жалпы, облыстағы құрылыс жұмыстары көлемінің едәуір үлесі Аршалы, Бурабай, Целиноград аудандары және Көкшетау қаласына (облыс бойынша құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің шамамен 70 пайызы) тиесілі.
Тұрғын үй құрылысы
2022 жылғы қаңтар-сәуірде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 18,5 пайызы тұрғын үй құрылысына (26504,7 миллион теңге) бағытталды, бұл 2021 жылғы қаңтар-сәуірдегі игерілген инвестициялардан 1,1 пайызға төмен.
Меншік нысанындағы кәсіпорындар және халықтың өзі жалпы алаңы 201 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,5 пайызға жоғары. 1 шаршы метр тұрғын үй алаңының орташа нақты шығындары 133,6 мың теңгені құрады.
Ақмола облысы бойынша статистика департаменті.