Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Целиноград ауданының әкімі Бақытбек Оспанбеков Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде брифинг өткізіп, қойылған сауалдарға жауап берді.
Әкім өз баяндамасында биылғы жылдың төрт айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерімен таныстырды. Аграрлық сектордың дамуы, кәсіпкерлік қызметті дамыту және инвестициялар және құрылыс жұмыстары туралы мәлімдеді.
Соңғы есепке сүйенсек,ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 10,8 миллиард теңгені құрады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы да қарқынды даму үстінде. Былтырғы жылмен салыстырғанда, мал басы едәуір өсу үстінде.Сонымен қатар шағын және орта бизнес қызметінің дамуы қарқынды жүріп жатыр.Биылғы жылдың өзінде 3мың 132 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Алдағы уақытта ауданда2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба өз жұмысын бастайды. Осы жобаға сай бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар бөлінеді.Грантқа ие болу үшін әр үміткер «электрондық еңбек биржасы» сайтында онлайн өтініш бере алады. Осылайша жаңадан кәсіп бастағысы келген кез-келген талапкер тұрғызылған мүмкіндіктерді толықтай қолдана алады.
Одан бөлек, әкім өз сөзінде Қараөткел ауылында 280 орындық балабақша құрылысықарқынды жүріп жатқанын, оған қоса,Шұбар ауылында 300 орындық мектеп құрылысы өз мәресіне жетіп қалғанын мәлімдеді.Қоянды ауылында жоспар бойынша амбулаториялық медициналық орталықтың құрылысыжүріп жатыр. Қазіргі уақытта ғимараттың екінші қабатының өңдеу жұмыстары атқарылуда. Тағы бір айта кететін өзекті мәселе, халықты таза ауыз сумен жабдықтау. Қазіргі таңда Нұресіл және Төңкеріс ауылдарының сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Өзге кей ауылдарда сумен жабдықтау жұмыстары атқарылып біткен жоқ. Алдыңғы уақыттарда бұл мәселелер түбегейлі шешіледі деген сенім бар.
–Біз ауданның дамуы үшін белгілі бір жұмыстар атқардық. Алайда, әлі кезек күткен жұмыстарда жетіп артылады. Ауданның экономикалық дамуына қоса, ауылдар мен көшелердің атын өз ана тілімізге өзгерту жұмыстары жүріп жатыр. Оның дәлелі, аудандағы тоғыз ауыл мен 200-ге жуық көшенің атын ауыстырдық. Тағы екі ауылдың атын өзгерту жоспарда бар. Қазір ол мәселе талқылау үстінде тұр.Бұл бар-жоғы 4 айдың ішінде атқарылған жұмыс. Алдағы уақытта дәл осы қарқынменжұмыс істейтін боламыз, – деген аудан әкімінің сөзі брифингке қатысқан БАҚ өкілдерін серпілтіп тастады.
Бұл брифинг instagram әлеуметтік желісінде тікелей эфирде жүргізілді.
Абылайхан ӘШІМХАН.