— Солшыл күштердің «Жаңа халықтық экологиялық және әлеуметтік одақ» коалициясы (NUPES) жексенбіде Франциядағы парламент сайлауының бірінші турында көп дауыс жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.
Солшыл партияның жетекшісі Жан-Люк Меланшонның бастамасымен құрылған NUPЕS коалициясының өкілдері алдын ала ақпарат бойынша 26,2% дауысқа ие болған. «Ренессанс» президенттік қозғалысы жетекшілік ететін «Бірге!» билеуші коалициясының кандидаттары 25,8% дауыс жинады. Соған қарамастан Франция еліндегі мажоритарлық сайлау жүйесінің ерекшелігіне байланысты басқарушы коалиция парламенттегі орынның басым бөлігін сақтап қалады.