Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Түбіміз бір, бауырлас елміз - АРҚА АЖАРЫ

Түбіміз бір, бауырлас елміз

Бұрын бизнесте жүрген адамдар өз кәсібін ғана ойлап, мәдени-көпшілік шараларға бас қатырмайды деген пікірде едім. Алайда,  «Қазақ-түрік достығының орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Фатих Экиджимен болған әңгіме бұл ойымды өзгертті. Түрік азаматы кәсіпті де, қоғамдық істі де бірге ұштастыра атқаруда.

Фатих мырза аталған мәдени орталықты жергілікті әкімдіктің ұсынысымен 2013 жылы ашқан екен. Содан бері қоғамдық бірлестік Көкшетаудағы Достық үйінде мәдени іс-шараларды өткізу арқылы өңірімізде түрлі ұлттар арасындағы достықты сақтауға өз үлесін қосып келеді.
– Осындай ұйым құрғалы жатырмыз деп түрік ақсақалдарымен әңгімелескенімізде олар біздің түбіміз, мәдениетіміз, дініміз қазақ халқымен бір екенін, сондықтан, бірлестікті «қазақ-түрік мәдени орталығы» деп атау қажеттігін айтты. Көпті көрген қариялардың ұсыныстары бізге ұнап, қазақ халқымен бір болып жұмыс істеп келеміз. Тіпті, орыс, украин, кәріс балалары да біздің салтымызды білуге ниет танытуда. Көптеген халықтардың атаулары өзгеше болғанымен, бәрінің шыққан тегі, түбі бір, – деген пікірде Фатих Экиджи.  
Бұл түрік азаматының киелі Көкше өңіріне қалай тап болғаны жайлы əңгімесі бізді бейжай қалдырмады. Ол сонау Түркиядан Қазақстанға небары он сегіз жасында білім қуып келген екен. Бауырлас елдің бір топ студенттерімен бірге Шоқан Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде информатика факультетінде оқыған. Бірер жылдың ішінде көкшеліктердің қонақжайлылығы, біздің өлкенің сұлу табиғаты кейіпкеріміздің жанын баурап алып, осылайша Фатих қазақ жерінде біржола қаламын деп шешкен. Осында шаңырақ құрып, өз кəсібін де қолға алды. Қазіргі таңда оның ата-анасы, бауырлары Стамбулда тұрады. Қазақстанға қонақтап жиі келетін көрінеді. Арасында Түркиядан қазақ-түрік мəдени орталығына ұлттық аспаптарды, қажетті оқулық-тарды да өздерімен бірге ала
келеді.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, бұл ұйымның құрамында түріктермен қатар, қазақ ұлтының өкілдері де бар. Солардың бірі – саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған жерлесіміз Таңсық Жұрынқызы, әнші апамыз Бисара Мәкенова.  Сонымен бірге, Зеренді ауданында тұратын Ибрагим есімді қария да осы ұйымның мүшесі. Ол кісінің ата-бабалары Қазақстанға сонау 1936 жылы Түркиядан көшіп келген екен. Облысымыздағы түрік ақсақалдарының ішіндегі ең үлкені де осы Ибрагим ака. Салт-дәстүрді сақтау керектігін, ислам дінінің қадір-қасиетін жастарға әркез айтып отырады.
 Келешекте қазақ-түрік мәдени орталығы Қазақстандағы Түркия елшілігімен тығыз қарым-қатынас орнатып, екі елдің достығын нығайтуға барынша үлес қосқысы келеді. Әңгіме барысында бұл ұйым жетекшісі Фатих мырзаның қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге де ықылас танытып жүргенін байқадық, әрі бұны түрік азаматының ынтымағы мен достығы жарасқан тәуелсіз елімізге деген ыстық пейілі деп түсіндік.
Венера ЕСҚАҚОВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар