Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнердің құдіретін ұқтырған - АРҚА АЖАРЫ

Өнердің құдіретін ұқтырған

Біздің көрікті қаламыздың тарихы түрлі сандар мен деректерден ғана тұрмайды. Степногорск қалай пайда болды десек, ең әуелі осы қаланың қазығын қағып, үйлері мен ғимараттарын салған жүздеген адамдарды еске алуымыз керек.
Сол уақыттан бері бірталай нәрсе өзгер-генімен, білім беру жүйесі әлі алдыңғы қатарда.

 

Өлкенің ең байырғы білім беру мекемелерінің бірі – 1964 жылы ашылған балалар музыка мектебі. Алғашында мұнда 250 бала оқыды. Сонымен қатар, Заводской, Шаңтөбе елді мекендерінде мектеп филиалдары жұмыс істеді. Екі жыл уақыт өткесін шәкірттер өздерінің өнерлерімен қуанта бастады. Мұның бәрі бала жанының бағбаны ұстаздардың тынымсыз еңбегінің арқасында екені сөзсіз.
Бүгінгі таңда білім ошағында түрлі ұлт өкілдерінен құралған 307 бала оқып жатыр. Оқытушылар құрамы да көпұлтты. Бәріміз береке-бірлікте ортақ мүдде жолында еңбек етіп келеміз. Музыка арқылы балалардың бойына ізгілік, адамгершілік, отансүйгіштік секілді тамаша қасиеттерді дарытуға тырысудамыз. Менің айтпағым, өнер тілі баршамызға ортақ, түсінікті тіл. Сан түрлі ұлттарды жақындастыратын асыл қазына – өнер деп білемін.
Жуырда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қалалық ансамбльдер фестивалін ұйымдастырдық. 2015-2016 оқу жылында біздің шәкірттеріміз халықаралық деңгейдегі он конкурс-фестивальдерге қатысып, жүлделі орындармен оралды. Нақтырақ айтсақ, Әмина Мұхаметқали «На Ивана, на купала» халықаралық ғаламтор байқауында бірінші дәрежелі дип-ломант атанса, Дәрия Кеңесова «Көлеңкеден жарыққа ұшып» өнер сайысында екінші орыннан
көрінді.
Қашанда өнерімен көпшілікті тәнті етіп жүрген балауса балғындарымыз Андрей Ищуков, Мағауия Сейлібаев, Давид Алашбаев, Чингиз Русин, Анна Ищенко, Виолетта Халикова, Мәдина Есжанова, Катя Багнюктардың есімдерін ерекше атап өтіп, оларға алдағы уақытта да бақтарың жансын, өнермен өрілген өмірлерің қуанышқа, жеңісті сәттерге толы болсын дегім келеді.
Кезінде өзім де осы мектепте тәлім алған едім. Кейіннен институтты тәмамдағаннан соң өзімнің ыстық ұя мектебіме қайта оралып, фортепиано сыныбына ұстаздық ете бастадым. Одан кейін ұзақ жыл кәсіподақ ұйымын басқарып, 2010 жылы директор болып тағайындалдым. Балауса балалық шағымнан бастап бар саналы ғұмырым осы керемет өлкеде өтіп жатқанына ризамын. Шәкірттерім «Отаным» деп ән салғанда кеудемді тәуелсіз елім үшін зор мақтаныш сезімі кернейді. Жас ұрпақтың қашанда тек бейбітшілік әнін айтып, шаттық күйін шерткенін қалаймын.  

Наталья МАЗАВИНА,
Степногорск қалалық білім бөлімі жанындағы балалар
музыка мектебінің директоры. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар