Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс елді мекендерін өрттен қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ, өрт сөндіру бекеттерін кезең-кезеңмен құру жоспарына сәйкес, 2025 жылға дейін 6 өрт сөндіру бекеттерін ашу жоспарланған.
Өрт сөндіру бекеттерін ашу бойынша жұмыс тұрақты бақылауда және әрі қарай жалғасын табатын болады.
«Өрт сөндіру бекетінің ашылуы ауылдық округтер мен жалпы аудан тұрғындары үшін техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздіктің ұзақ мерзімді кепілі болатыны сөзсіз», – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Манарбек Шапағатов.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.