Облыстық санитарлық-эпедмиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қаласы мен Жақсы ауданында екі жағдайдан, Степногорск қаласы мен Атбасар, Есіл және Целиноград аудандарында бір-бір жағдайдан болса, 14 жасқа дейінгі балалар арасынан бір оқиға тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге көп.
Эхинококкоз лас тағам мен судағы паразиттерден пайда болатын ауыру. Оның негізгі тасымалдаушылары үй жануарлары мен түрлі жыртқыш жануарлар болып табылады. Адамның инфекциясы көбінесе бауыр мен өкпеде, сүйектерде, бүйректе, көкбауырда, бұлшықеттерде және орталық жүйке жүйесінде орналасқан бір немесе бірнеше гидатидті кисталардың дамуына әкеледі. Аурудың асимптоматикалық инкубациялық кезеңі гидатидті кисталар клиникалық белгілер пайда болатын мөлшерде дамығанға дейін көптеген жылдарға созылуы мүмкін.
Гидатидтер бауырда орналасса, іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу секілді сипатқа ие болады. Егер өкпе зақымданса, клиникалық белгілерге созылмалы жөтел, кеудедегі ауырсыну және ентігу нышандары байқалады.
Альвеолярлы эхинококкоз 5-15 жылға созылатын асимптоматикалық инкубациялық кезеңмен және әдетте бауырда локализацияланған бастапқы ісік тәрізді зақымданудың баяу дамуы бірденбір көрсеткіш болып табылады.
Клиникалық белгілерге салмақ жоғалту, іштің ауыруы, жалпы әлсіздік және бауыр жеткіліксіздігінің белгілері жатады. Егер бұл ауырудан емделмеген болса, альвеолярлы эхинококкоз асқынып, өлімге әкеледі.
Адамдардағы кистозды және альвеолярлы эхинококкозды диагностикалаудың ең жақсы әдісі — ультрадыбыстық бейнелеу. Бұл әдіс әдетте компьютерлік томографиядан (КТ) немесе магнитті-резонансты бейнелеуден (МРТ) өту арқылы расталады. Кейде рентгенография кезінде кисталар кездейсоқ табылуы мүмкін.