Мәселен, жыл басында Знаменка ауылында сыйымдылығы 2 мың тонна болатын көкөністер қоймасы іске қосылды.
Жоба “Есіл КТ – 2030” несиелендіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылған. Бұл өз кезегінде көкөністерді жыл он екі ай сақтауға мүмкіндік беріп отыр және ауылдың 8 азаматын тұрақты жұмыспен қамтыды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы аудандағы екі бірдей ауылда сумен жабдықтау жүйесін қайта жөндеу бойынша жұмыстар қолға алынып отыр. Бұл Заречное мен Дальнее ауылдарының халқын үздіксіз таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді.
“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан жобаның құны 416 млн. теңгені құрайды. Бүгінде құбыр астына траншея салу және ұңғымадан су тарту мен алаңішілік желілерге дейін құбырларды төсеу жұмыстары жүріп жатыр.
Айта кетейік, партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында биыл Ақмола облысының аумағында сумен қамтудың 30 нысанын салу жоспарланып отыр. Оның ішінде Есіл ауданының Игілік ауылы да бар. Бүгінде елдімекенде су құбырын тарту жұмыстары жүруде. Сөйтіп, биыл облыс халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткішін 91,9% -ға жеткізу жоспарланып отыр.
Жол картасы аясында аудан орталығында 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүруде. Қазірде үйдің бірінші қабаты толығымен салынып аяқталған, екінші қабатына көшу үшін құрылыс материалдары әзірленуде.