Ақмола облыстық мәдениет басқармасының мәліметінше, облыс әкімдігінің қолдауымен биылғы жылғы маусымның 6-нан бастап Зеренді ауданындағы Кеңөткел ауылы маңында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстары кезінде бірқатар тарихи – археологиялық жәдігерлер табылды.
«Табылған заттардың ішінде қоладан жасалған әшекей бұйымдары мен қыш ыдыстардың қалдықтары тәрізді қола дәуірі кезеңінің құнды жәдігерлері бар. Аталмыш артефакттар арнайы ғылыми сараптамаға жіберлетін болады», – деді ведомстводан.