Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Дін өкілімен жүздесті - АРҚА АЖАРЫ

Дін өкілімен жүздесті

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесіп, өзара пікір алмасты. Кездесу барысында өңір басшысы конфессиялық қатынастарды нығайу  мемлекеттік саясаттың маңызды мәселелерінің бірі болып табылатындығын атап өтті.

       – Біздің кездесуіміз барлық мұсылман халқы аса қасиет тұтатын Құрбан айт мерекесі қарсаңында өтуінің зор мәні бар – бұл барлық әлемдік діндер үшін ортақ жоғары адамгершілік ізгі қасиеттерге, мейірімділік пен әділеттілікке құрметпен қарауды дарытатын мереке, – деп атап өтті облыс әкімі.

– Бәріміз Құрбан айт мерекесін және христиандық Пасха мен Рождествоны бірге атап өтетініміз қуантады. Бұл – конфессияаралық және мәдениетаралық қатынастардың жоғары деңгейін, біздің өңірде бейбіт өмір сүріп жатқан барлық дәстүрлі дін өкілдерінің арасындағы тығыз байланыстарды айғақтайды, – деді өңір басшысы.

Жиында Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Митрополит Александрды қабылдағаны туралы да айтылып, сол кездесуде ел Президенті Православие шіркеуінің Қазақстандағы бірлік пен келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалағандығы, қазақстандық Митрополиттік округ этносаралық және конфессияаралық диалогты дамыту, сондай-ақ, адамгершілік құндылықтарды ілгерілету бойынша ауқымды жұмыс жүргізіп жатқандығы  атап өтілді.

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр өз сөзінде  Елордада төртінші Православие шіркеуінің құрылысы басталатындығын аса қуанышпен жеткізе келіп, Қазақстанның Провославие шіркеуі рухани-адамгершілік мәдениетті қалыптастыруда мемлекеттің сенімді серіктесі екендігін атап өтті.  Әсіресе, бұл жаңа ғибадат ғимаратының ашылуы – 2022 жылдың қыркүйек айының орта шенінде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне дайындық кезінде жүзеге асуы ерекше маңызға ие.

Кездесу соңында Астана және Қазақстан Митрополиті Александр өңір басшысына алғыс айтып,  өз сөзінде дәстүрлі дін өкілдері бірге өзара ынтымақтастық пен ауызбірлікте өмір сүріп жатқан Ақмола өңірінің даму жолына жаңа табыстар тіледі.

                                                                             Нина МИТЧИНОВА.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар