Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа өндіріс – жаңа жұмыс орны - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа өндіріс – жаңа жұмыс орны

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Аршалы ауданындағы қуаттылығы жылына 120 миллион кірпіш шығара алатын «SG BRICK» кірпіш өндіру зауытының ашылу салтанатына  қатысып, ұжымның тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысты.

«SG BRICK» кірпіш өндіру зауыты «Gpark» құрылыс компаниясы тобының құрамына кіреді, бұл кәсіпорын Орталық Азия елдерінің арасында жылына 120 миллион данаға дейін дайын өнім шығаруды қамтамасыз етуге қабілетті жалғыз кәсіпорын. Зауыт Елорданы ғана емес, сонымен қатар, Астана маңындағы Ақмола облысын және еліміздің бірқатар басқа өңірлерін сапалы өніммен қамтамасыз ететін болады.

–  Өнеркәсіп секторы өңір экономикасында басым сала болып табылады. Саланың жоғары серпіні жаңа жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі. Ірі кірпіш зауытын іске қосу облыс бойынша кірпіш өндірісін 2 есеге арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті зауыттың ашылуында облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Кірпіш зауытының құрылтайшысы – «GРark» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетовтың айтуынша, компания бұған дейін отандық өнімге  қарағанда едәуір қымбат тұратын Өзбекстаннан, Украинадан, Ресейден құрылыс материалдарын жеткізушілермен өзара ынтымақтастық қарым-қатынас жасаған. Бұл, әрине, салынған нысандардың шаршы метрінің өзіндік құнына әсер етті.

– Мен біртіндеп импорттан бас тартып, өз зауыттарымды салу туралы маңызды және жауапты шешім қабылдадым. Жылжымайтын мүліктің түпкілікті құны төмен болуы үшін көптеген құрылыс компаниялары сапалы және арзан құрылыс материалдарын қажет етеді», – деп түсіндірді Ғабит Сатмағамбетов.

Сапалы керамикалық кірпіш әлемге әйгілі «Beralmar» компаниясының испан технологиясы бойынша өндіріледі. Зауыттың жанында жалпы ауданы 161 гектарды алып жатқан карьер бар, онда зауытты өз шикізатымен қамтамасыз ету үшін қызыл және сары саз өндіріледі. Жылу тасымалдағыш ретінде өндірісте табиғи газ пайдаланылады, жылдық қажеттілік – 18 миллион текше метр.

Бүгінде компания кірпішті бояу өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр. Зертханалық жағдайда бояулардың бірнеше түрлері қолданыла бастады. Қазіргі уақытта әртүрлі бояғыштардың тәжірибелі ыстыққа төзімді және су өткізбейтін 27 үлгісі алынды.

Жаңа өндіріс дегеніміз, алдымен еңбек адамын жұмыспен қамту деген сөз. Кадрларға деген қажеттілік шамамен 250 адамды құрайды. Осы орайда жақын маңдағы ауылдардан жұмысшыларды тарту көзделген. Сонымен қатар, жаздың соңына дейін темірбетон бұйымдарын шығаратын тағы бір GPark зауытын іске қосу жоспарлануда.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар