Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жеңісті бейбіт өмірдің сенімді қорғаны бар - АРҚА АЖАРЫ

Жеңісті бейбіт өмірдің сенімді қорғаны бар

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын! Соғыстың аяқталғанына жетпіс бір жыл уақыт өтсе де, бұл мереке сарбаздардың ерлігі мен қайсарлығы, отбасыларына оралмаған жауынгерлерді еске алу күні ретінде тарихта мәңгі сақталады. Сұрапыл  соғыста біздің азаматтарымыз қаһармандықтың ең жоғары үлгісін көрсетті.
Отанымыздағы бейбітшілік, кейінгі ұрпақтың азат елде бақытты, тыныш  өмір сүруі үшін ерлік көрсеткен Қазақстандық  батыр ұлдар мен ер жүрек қыздардың есімдерін мақтанышпен еске аламыз, олардың алдында басымызды иеміз.
Қымбатты ардагерлер, тыл еңбеккерлері! Осынау жанқияр ерлікке толы 9 мамыр күні сіздердің соғыста және еңбек майданында жасаған батырлықтарыңызды, ар-намыс пен төзімділіктеріңізді жастарға үлгі-өнеге етіп танытатын үлкен мейрамға айналды. Тек қан майданда ғана емес, тылда жұмыс істеп, ашаршылықты, ауыртпалықты бастан кешіп, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей жұмыс істеген қайратты да қайсар жандарға көпшіліктің ризашылығы шексіз.
Сіздердің арқаларыңызда келген Жеңіс бүгінде жас ұрпақты Отанға қалтқысыз қызмет етуге шақырып, қиындықта мойымауды үйретеді. Денсаулықтарыңыз әрдайым мықты, өмірлеріңіз ұзақ, әрі махаббат пен қамқорлыққа толы болсын. Әрбіреуіңізге айтар алғысымыз мәңгілік!
Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Ардақты ардагерлер, тыл еңбеккерлері!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекеде халқымыздың сұрапыл соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі мен қайсарлығының тарихы, жақынынан айырылған адамдардың көз жасы мен бейбіт өмірдің бақыты жатыр.
Мыңдаған қазақстандықтар шайқас алаңында батырлықтың жарқын үлгісін танытты. Олардың көпшілігі ерлікпен қаза тапты. Майдангерлердің  есімдері біз үшін қымбат әрі қастерлі. Тылда жұмыс істеген жандар да жеңісті еңбектерімен жақындатты, ал, соғыс аяқталған соң майданнан оралған
жауынгерлермен бірге қираған қалаларды қалпына келтірді.  
Біздің бүгінгі міндетіміз Ұлы Отан соғысы туралы тарихи шындықты сақтау, аман қалған және қаза болған батырларды үнемі еске алып тұру, ардагерлеріміздің өмірін шаттық пен қуанышқа толтыру болып табылады.  Отан алдында, халық пен тарих алдында борыштарын адал атқарған жеңіс иелеріне тағзым етеміз.  
Баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ әрі тыныш өмір, бақыт тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
 Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.                                  

 

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Мемлекеттік мереке – Отан қорғаушылар күнімен барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылдың 7 мамырында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру
туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Міне, Елбасының ерекше қамқорлығының арқасында егемендіктің 25 жылы ішінде Қарулы Күштер мемлекеттің мықты тірегіне айналды. Әскер қатарында жүрген сарбаздардың әскери шеберліктері жылдан жылға артып, олар заманауи қару-жарақтар мен техниканың тілін меңгеруде.
Әскери қызметшілердің бойынан жоғары кәсіби дайындықты, өзара бірлікті және жауынгерлікті көреміз. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әр қазақстандықтың қастерлі міндеті саналады. Ең маңыздысы, әскер патриоттық тәрбие мектебіне айналды.
Уақыт қанша алмасып, ұрпақтар ауысса да, Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қала береді.
Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні ардагерлер мен жас сарбаздардың сабақтастығын, байланысын  бекіте түскендей.
Құрметті жерлестер! Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында жаңа  табыстар тілеймін, әрқашан аспанымыз ашық болсын!
 Сергей КУЛАГИН,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

 

Құрметті жерлестер!
Отан қорғаушылар күні облыстың депутаттар корпусының атынан жылы лебіздер мен шын жүректен жолданған құттықтауларды қабыл алыңыздар!
Бүгінде біздің әскеріміз жайлы әр қазақстандық мақтанышпен айта алады. Жылдан жылға Қазақстанның Қарулы Күштері нығайған
сайын жастардың санасында әскери қызметке деген құрмет қалыптасып, Отан қорғаушының тұлғасы кейінгі ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеуде жақсы үлгіге айналды.
Президент, Жоғары Бас қолбасшымыздың салиқалы саясатының арқасында Қарулы Күштердің материалдық-техникалық базасы соңғы үлгідегі қару-жарақтармен, ал, оқытушылық құрамы білікті мамандармен толығуда. Отан қорғау ісіне осылай көңіл бөлуіміз  мемлекетіміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, тұрғындардың қауіпсіздігін, бейбіт өмірін қамтамасыз ететініне сенімдіміз.
Қайсар жандардың осы мерекесі әрдайым қуаныш пен бақыт әкелсін. Отбасыларыңызға амандық-саулық, тәуелсіз еліміздің өркендей беруін тілеймін!  
 Дулат НҰРМОЛДИН,
 Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.                                  

 

 

 

 

Қадірлі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

 

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси кеңесі баршаңызды
9 мамыр Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Жеңіс күні – қуанышты да қайғылы, тарих төрінен орын алған  рухы биік мереке. Ұлы Отан соғысы біздің халқымыздың өшпес рухын, ерлігі мен қаһармандығын әлемге танытқан оқиға болса, 9 мамыр аға буынның қастерлі ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең ұлы күн.
Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір тілейміз. Еліміз өркендеп, қарыштап дами берсін. Ұлы Жеңістің 71 жылдық мерейтойы құтты болсын!

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси кеңесі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!

 

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси кеңесі баршаңызды Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Мемлекетіміз үшін 7 мамыр күнінің маңыздылығы жоғары, себебі, отан қорғау әрбір қазақстандықтың қастерлі борышы болып табылады. Аға ұрпақ пен жас буынның елімізді қорғап,
осы іске айтулы үлес қосқанын біз қашанда мақтан тұтамыз. Абзал азаматтарымызға деген алғыс пен құрметіміз шексіз.
Қымбатты жерлестер! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт, бейбіт ғұмыр, баянды бейбітшілік, жеке жеңістер мен шығармашылық табыстар тілейміз!

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының саяси кеңесі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Құрметті соғыс және тыл ардагерлері!

 

Бүгін баршамыз үшін қасиетті Жеңіс күні.  Кеңес халқының неміс фашистеріне қарсы бір мың төрт жүз он сегіз күн мен түнге ұласқан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің әлемдік тарихи маңызы болғандығы ақиқат.
Бұл соғыстың адамзатқа әкелген қасіреті мен жеңістің тарихи маңызы  бүгінгі және келер ұрпақтың жадынан ешбір өшпейтіндігіне де  сенімдіміз. Барлық кеңес халқы  Отан қорғаудың тамаша үлгісін көрсетіп, майданның ұрыс даласында адам баласы таңқаларлық ерліктер жасады. Сол ерлік жасағандардың қатарында  біздің ақмолалық майдангерлердің де болғандығын біз әрдәйім мақтаныш етеміз. Олар Отан қорғау жолындағы  өздерінің азаматтық борыштарын адал атқара білді.
«Бәрі де майдан үшін! Бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек еткен тылдағы  сол кездегі қарттар мен әйелдер, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да майданды қару-жарақпен, азық-түлікпен, киім-кешекпен сенімді түрде қамтамасыз ете білді.  
Біз бүгінгі күні сол аға ұрпақ өкілдерінің даңқты ерліктері мен қажырлы еңбектерінің өнеге-ұлағатымен тәуелсіз еліміздің жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеп жатырмыз.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев соғыс және тыл ардагерлеріне шынайы қамқорлық жасаудың тамаша өнегесін көрсетіп келеді. Соның жарқын үлгісіндей тәуелсіз елімізде мемлекет тарапынан соғыс және тыл ардагерлеріне  шынайы құрмет қалыптасты.   Әрине, өкінішті болғанымен өмір заңдылығына орай жылдар озған сайын ардагерлеріміздің қатары сиреп барады.  Бүгінгі Жеңіс күнін қарсы алып отырған барша ардагерлер мен ақмолалықтарды қасиетті мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің әрқайсыларыңызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасының аманшылығын тілейміз. Туған еліміз Қазақстанымыз көркейіп, еліміздің бірлігі мен халқымыздың ынтымағы нығая берсін!

Рашит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар