— Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдедегі мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2 837 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның ішінде 291 пациент стационарда, 2 546 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. «Соңғы тәулікте ел аумағында 454 тұрғынның ПТР тесті КВИ-ге оң нәтиже берген.
Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр», — деп жазды ведомство. Соңғы тәулікте ауырғандарды тарқатсақ,
Нұр-Сұлтан қаласында — 118,
Алматы қаласында — 200,
Шымкент қаласында – 23,
Ақмола облысында – 7,
Ақтөбе облысында 0,
Алматы облысында — 30,
Атырау облысында — 16,
Шығыс Қазақстан облысында — 3,
Жамбыл облысында — 17,
Батыс Қазақстан облысында — 1,
Қарағанды облысында — 11,
Қостанай облысында — 3,
Қызылорда облысында — 12,
Маңғыстау облысында — 2,
Павлодар облысында — 5,
Солтүстік Қазақстан облысында — 3,
Түркістан облысында — 3.
Айта кетейік, осымен елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 309 888 адамға жетті.