Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Батыр Ақан - АРҚА АЖАРЫ

Батыр Ақан

Кеңес Одағының Батыры Ақан Құрманов қасиетті, киелі Атбасар өңіріндегі Қосбармақ ауылында 1918 жылдың 15 шілдесінде дүниеге келген.

 

Атбасар қазақ орта мектеп-интернатында оқып білім алады. 1939 жылдың күзінде Қызыл Армия қатарына әскери борышын өтеуге аттанады. Батырдың көзін көрген, бір мектепте оқып білім алған ауылдасы, бүгінде марқұм болған Жібек Әбдуәлиқызы өзінің естелігінде былай деп айтып кетіп еді:
– Ашаршылық басталған 1931-32 жылдары ата-анам, апам, ағаларыммен бірге жан сақтау үшін оңтүстік өңірдегі Луговой кентіне қоныс аудардық. Содан 1937 жылы елге аман-есен оралдық. Осы Атбасардағы қазақ орта мектеп-интернатында 6 кластан оқуымды жалғастырдым. Атбасар өңіріне есімі кеңінен танымал  Ақтан Төлеубаев, Ақан Құрманов, Мұхамеджан Бәйкенов кластасым болса, Клара Әмірқызы қатарлас класта оқыды. Ол уақытта Атбасарда шойын жол жоқ болатын. 1939 жылы теміржол төселіп, алғашқы пойыз келген кезде бір мектепте оқыған топ жігітті, ұмытпасам, 25 қазан күні әскерге шығарып салдық. Олардың ішінде әскерге кетіп бара жатқан Ақан Құрманов, Мұхамеджан Бәйкенов, Базыл Қуатбеков, Әміржан Нүгербеков, Баукен Омаров, Аманжол Мұхамеджанов, Оразбек Шалтаев және  басқа бірнеше жігіттер болды.      Ақан менен 6-7 жас үлкен еді, ағамдай көруші едім. Арада  екі жыл өткен соң Ұлы Отан соғысы басталып, ел басына аласапыран күн туды. Мен ол кезде 17 жаста едім.
Коммунистік партия қатарына өткен пулеметшілер бөлімшесінің командирі, гвардия сержанты Ақан Құрманов 1943 жылдың 28 қыркүйегінде Днепр өзенінен өту кезіндегі қиян-кескі шайқаста ерлікпен көз жұмды. Сүйегі Чернигов облысы Репкинский ауданының Мысы селосында жерленеді. Днепр өзені үшін шайқаста екі мыңнан астам Қызыл Армияның жауынгерлері мен офицерлеріне Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Солардың отызға жуығы қазақ жігіттері болатын. Соның бірі Ақан Құрмановқа да қаза тапқан соң, 1944 жылдың 15 қаңтарында КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді. Бұл қазақ жігіттерінің арасында Қарқаралы өңірінің тумасы Кеңес Одағының Батыры Мартбек Мамыраев та бар. Ол кісі соғыстан аман-есен елге оралып, лауазымды қызмет атқарды. 1989 жылы қайтыс болды.
А.Құрмановтың соғыста бірге болған қанды көйлек жауынгер досы, Кеңес Одағының Батыры Жәлел Қизатов 1920 жылы 9 қазанда Ақкөл ауданында Жалғызтау деген жерде дүниеге келген. Соғыстың алдында Қарағанды қаласында бастауыш мектепте ұстаз болып еңбек етеді. 1940 жылы жиырмадағы жас жігіт Қызыл Армия қатарына әскерге шақырылады. Жерлесіміз А.Құрмановпен майдан жолдарын бірге  жүріп өткен Ж.Қизатов 80-ші жылдардың ортасында майдандас досының аманатын орындап, отбасымен Қосбармақ ауылына батырдың туған жеріне тағзым ете келген болатын. Сол жолы Ақанның туыстарымен жолығып шер тарқатады, ескерткішінің басына барады. Жәлел Қизатов та Кеңес Одағының Батыры атағын сол Днепр  шайқасы үшін алғаны белгілі.
Атбасар тарихи-өлкетану музейінің Ұлы Отан соғысына арналған залында Ақан Құрмановтың жеке қолданған заттары сақталған. Мұнда фотосуреттерін, былғары плащы, әскери билеті және Кеңес Одағының Батыры атағы берілгені туралы қаулыны көруге болады. Ақан Құрманов – орталық майданның 61 армиясында, 76 гвардиялық атқыштар дивизиясының 234 атқыштар полкінің пулеметшілер бөлімшесінің командирі, әскери атағы гвардия сержанты.
«Ер елдің, ел ердің атын шығарар» деп дана халқымыз тегін айтпаған. Сондықтан да, елінің атын шығарған кешегі Ұлы Отан соғысының  Ақандай  батырларын бүгінгі ұрпақтарымыз ұмытуға тиісті емес.
Оларды мақтан етіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе білсек,  аруағы риза болары анық. Ал, енді қазіргі таңда батырдың есімі ұмытылмас үшін Атбасар шаһарындағы орталық көшелердің бірі Ақан Құрманов есімімен аталады.     Туған ауылы Қосбармақта ескерткіш бюсті орнатылды. Артында қалың елі отырғанда, кешегі өткен аруақты батыр бабаларымыз бен  аталарымыздың есімдері мәңгі ұмытылмасына сеніміміз мол.
 Темірбек ҚАСЫМЖАНОВ.
Атбасар қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар