Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жақсы ауданында жолдар жақсарып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Жақсы ауданында жолдар жақсарып жатыр

 Ағымдағы жылы Жақсы ауданының 12 елді мекенінде жолдар жөнделіп,  барлығы 21 тың жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биылғы жылы облыстық бюджет есебінен ауылдық елді мекендердегі жолдарды орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жалпы сомасы 300 миллион теңгеден астам 19 жобаны іске асыру көзделіп отыр.  

– Ауданның бес елді мекеніндегі тоғыз көшеге орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Екі көшеде іргетасты қалау жұмыстары басталды және төрт көшеде жұмыстарды шілде айының ортасында бастау жоспарланған, – дейді аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Е.Қарашин.

Жақсы ауданы бойынша биыл барлығы 32 шақырым жол жөнделмекші. Сондай-ақ, аудан аумағын басып өтетін Алматы-Екатеринбург республикалық маңызы бар автомобиль жолына  2021 жылы күрделі жөндеуге 400,0 миллион теңге сомасында қаражат бөлініп, игерілген.  Ағымдағы жылы бұл бағытқа тағы да қосымша  1 миллиард теңге бөлінді. Жобаның жалпы құны 16 миллиард теңгені құрайды. Жоба үш жылға жоспарланған. Осы жобаны іске асыру халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге өз ықпалын тигізбек. Тарқатып айтар болсақ, жол бойындағы сервистерді, жанармай құю бекеттерін, кэмпингтерді құру және ашу бойынша шағын және орта бизнесті дамытуға жақсы мүмкіндік туып отыр.

– Бұл жол 1985 жылдан бері жөнделмеген.  Әрине, алдымен  бұл –ауылдық округтің тұрғындары үшін зор мүмкіндік. Мен дәрігер ретінде, ауыр науқастардың жағдайын ойлап алаңдаймын. Шалғай ауылдарға жетудің өзі оңай емес. Егерде жол жөнделсе, мен аудандық ауруханаға дерматолог болып қосымша жұмысқа да орналасар едім. Қазіргі уақытта бұл мүмкін емес, өйткені, аудан орталығына дейінгі жол бір жарым сағатты құрайды. Егер жол салынса, уақыт үнемделіп, біз ауданға  20 минутта тез жетер едік. Жол азабын тартқан халық та туған жерін тастап ауылдан көшпес еді», – дейді Қалмақкөл дәрігерлік амбулаториясының дәрігері Елена Мозговая.

Сондай-ақ, биылғы жылы аудан аумағында Жақсы-Державинск облыстық маңызы бар автомобиль жолын жөндеу бойынша үш жылға жоспарланған жоба қолға алынды. Ағымдағы жылы ұзындығы 12 шақырым учаскеде 700 миллион  теңге сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді, алдағы жылы 29 шақырымға дейінгі учаскені қаржыландыру жоспарланған.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар