Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Байланыс нығаяды - АРҚА АЖАРЫ

Байланыс нығаяды

Өткен сенбі күні облыс әкімі Сергей Кулагин өңірімізге жұмыс сапарымен келген Польша Республикасы Сенатының маршалы Станислав Карчевский бастаған  делегация мүшелерін қабылдады.

Мәртебелі меймандармен екіжақты  ынтымақтастық және сауда-экономикалық  байланыстарды одан әрі дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Рәшит Әкімов қатысты. Ақмола облысы мен Польша арасында 2015 жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 6,3 миллион АҚШ долларын құраған екен. Бүгінгі таңда облыс аумағында поляктармен тығыз әріптестік қатынас орнатқан «Ормис-Строй» және «Блюз» (косметикалық өнімдер шығарады) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істейді.
Бұл жолғы кездесу барысында екі ел арасындағы агроөнеркәсіптік сектор мен сауда-экономикалық мүмкіндіктер кеңінен қаралды. Кездесуде облыс әкімі Сергей Кулагин Ақмола өңірінде аграрлы сала жоғары қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті.
– Соңғы жылдары облыс диқан-дарының табысы да мол. Мал шаруашылығын дамыту, ет, сүт өнімдерін дайындау, экспорттау бойынша Ақмола облысына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. Әсіресе, Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бағытында  біраз жұмыстар атқарылып жатыр. Негізгі тұтынушыларымыз да астаналықтар. Сонымен қатар, өңірде өнеркәсіп саласы да жақсы дамыған. Жалпы, Ақмола облысының Польша елімен сауда-экономикалық қатынасты дамытуға мүмкіндігі зор, – деді облыс әкімі өз сөзінде.
Сондай-ақ, облыс әкімі аймақтың инвестициялық мүмкіндіктері жайлы сөз қозғап, Польша сияқты мемлекетпен арадағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты одан әрі дамытуға дайын екендігін мәлімдеді.
– Осы күні өңірде Польша Респуб-ликасымен бірлескен екі кәсіпорын жұмыс істейтінін ескерсек, бұл әрине аз. Сондықтан,  әріптестік қатынасты нығайту қажет.  Ақмола облысы өнеркәсіптік және аграрлы облыс болғандықтан, түрлі салалар бо-йынша екіжақты әріптестікті дамытуға мүмкіндік мол, – деп атап өтті Сергей Кулагин.
Өз кезегінде Станислав Карчевский мырза да жылы қарсы алған аймақ басшысына алғысын білдіріп, екіжақты әріптестік қатынасты дамытуға әзір екендіктерін жеткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар