Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мектепке жол – шексіз жақсылық! - АРҚА АЖАРЫ

Мектепке жол – шексіз жақсылық!

Осындай тақырыпта 2022 жылдың 1 тамызынан бастап республика бойынша «Мектепке жол!» акциясы басталады. Биылғы жылы бұл акция Балалар жылы аясында өткізілмекші. Жалпыреспубликалық акция 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Бұл туралы Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне егжей-тегжейлі тарқатып айтып берді.

Акцияның басты мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасыларындағы оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу болып табылады.

– Қазіргі таңда Ақмола облысының әкімдіктерімен «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша өңірлік іс-шаралар жоспары бекітіліп отыр. Басқарма, бөлімдер, білім беру ұйымдары кәсіпкерлерге, меценаттарға, басқа да мемлекеттік мекемелерге акцияға қосылуға және өмірде қиын жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге н үндеу жолдап отыр.

Облыстың барлық аудандарында 25-29 шілде аралығында баспасөз конференциялары өтуде, жоспарға сәйкес акция туралы көрнекі ақпараттар, акцияның логотиптері мен  өткізу мерзімі көрсетілген жұмыс жоспары бар стендтер  орнатылуда, – деді Валерий Гамазов брифингте сөйлеген сөзінде.

Жаңа оқу жылында өңіріміздегі 546 мектепте 130 мыңнан астам оқушы білім алады. Олардың 15 мыңнан астамы материалдық қолдауға зәру. Бірінші сыныптардың барлық оқушылары үшін тегін тамақтану ұйымдастырылады. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 2,5 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінген. Оның ішінде мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 700 миллион теңгеге жуық қажетті қаражат  көзделген.

«Мектепке жол» акциясы балаларды оқыту кезеңінде оларды қолдауды кеңейтуге және арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға қамқорлық танытып, көмектесемін десе құба-құп.  Мектепке қадам басқан балалардың алаңсыз оқып-білім алуында еш кедергілер болмауы тиіс.

– Республикалық акция аясында ақмолалықтар жыл сайын белсенділік танытып келеді. Ақмола облысындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, әсіресе, ішкі істер саласының қызметкерлері, банк ұжымдары,  кәсіпкерлер,  бұл акцияға өте белсенді қатысып жүр. Биылғы жылы да қамқорлыққа зәру балаларға қолдау болады деп сенеміз, – дейді Валерий Гамазов.

Брифинг соңында журналистер оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі, білім сапасы және тағы басқа өзекті мәселелер туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар